Қазақстандық өнерпаздар Ұлыбритания төрінде өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнерпаздар Ұлыбритания төрінде өнер көрсетті

30.09.2021

Қазақстандық өнерпаздар қазақтың қара домбырасын Ұлыбританияның төрінде паш етті. Олар музыкалық аспапта күйлерімен қоса, әлемдік хит туындыларды орындады.

Концерт ашық аспан астында ұйымдастырылды. Жергілікті халық әсем ән мен күмбірлеген күйді сүйсіне тыңдады. Аялдамаға тоқтаған автобус жолаушылары да, көше тазалап жүрген жұмысшылар да бей жай өте алмады. Өнерпаздардың талантына риза болған ағылшындар Қазақстанға саяхаттап келуге ықыласты екендерін жеткізді.

Никола Харрисон, зейнеткер:

Мен қолымда домбыра ұстап тұрмын. Арманым орындалды. Енді Қазақстанға барғым келіп кетті. Ұлттық өнерлеріңізбен етене танысып, елдеріңізді көргім келеді.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу