Украина армиясы Ресейдің бақылауындағы Херсон қаласына шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина армиясы Ресейдің бақылауындағы Херсон қаласына шабуыл жасады

28.10.2022

Украина армиясы Ресейдің бақылауындағы Херсон қаласына шабуыл жасады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, мұндағы Мәскеу тағайындаған басшылық 70 мың тұрғынмен бірге Ресей басып алған аудандарға қашқан.

«Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, Украина жауынгерлері қазір қаланы қоршап, ресейліктерге Днепр өзенінің батысында оқ жаудырып жатыр.

Дегенмен, президент Владимир Зеленский италиялық басылымдардың біріне берген сұқбатында Херсоннан Ресей армиясы шығарылып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, Мәскеу осындай жалған мәлімет тарата отырып, Украина жауынгерлерін қаланың қауіпті жерлеріне жақындатқысы келеді.

Херсон облысы Мәскеудің қарамағына қарулы қақтығыс басталғанда өтті. Ал, тамыздың соңында Украина әскері қарымта шабуылға кірісіп, бұл оңтүстік аймақта 90 шақты елді мекенді азат еткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу