Беларусь Польшамен және Литвамен арадағы шекараны жабады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь Польшамен және Литвамен арадағы шекараны жабады

18.09.2020

Беларусь өзінің Польша, Литва тәрізді көршілерімен арадағы шекараларын жабуға мәжбүр. Минск Украинамен арадағы шекарасында бақылауды күшейтпек. Мұны президент Александр Лукашенко мәлімдеді. 

Беларусьте тамыздың 9-да өткен президенттік сайлаудан кейін саяси дағдарыс шиеленісіп тұр. Лукашенко оның нәтижесі бұрмаланды деген уәжді жоққа шығарып, жеңіске әділ жолмен жеткенін ескертіп келеді. 

Дегенмен Польша мен Литва Беларусьпен арадағы шекараларының Еуропа парламент болса, Еуропа одағын Лукашенкоға қарсы санкция жариялауға шақырды. Және де еуропалық парламентарийлердің 547-сі Беларусьте өткен сайлаудың қорытындысын мойындамауға дауыс беріп, 37-сі ғана бұл позицияны қолдаудан бас тартқан.

Хабарламаларға жазылу