«Норманд төрттігінің» келіссөздері аяқталды

10.12.2019

Парижде «Норманд төрттігінің» келіссөздері бейбіт келісімсіз аяқталды. Онда Ресей мен Украина президенттері алғаш рет кездесіп, жыл соңына дейін Донбасста барлық тұтқындарды алмастыруға уағдаласты.

Саммитке Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель араағайындық етті. 

Владимир Путин мен Владимир Зеленский Украинаның шығысындағы сепаратистер басып алған аудандарға арнайы мәртебе беру және Ресеймен арадағы шекараны Киевтің бақылауына қайтару мәселесінде келісе алмады. Сонымен қатар, олар Донбасста жоспарланған сайлаудың өтетін күнін де анықтай алмаған. Дегенмен, Макронның мәлімдеуінше, тараптар бұл проблемаларды төрт айдан кейін тағы да кездесіп, шешуге әрекет жасамақ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу