Жетісу облысында үш бірдей модульді фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Жетісу облысында үш бірдей модульді фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл нысандардың ерекшелігі - жылдам құрастырылады. Абай, Теректі ауылдарында емдеу мекемелері бір ай көлемінде салынып бітті. Барлық құрал-жабдықпен қамтылған пункттердің жалпы құны 105 млн теңге. Тұрғындар үшін емдеу мекемесі өте қолайлы. Аудан орталығына сабылмаймыз, қажетті ем-домды осы жерден аламыз дейді олар. Абай ауылындағы 1000-ға жуық тұрғынға фельдшерлер барлық медициналық қызмет түрін көрсете алады. Келер жылы Ескелді ауданында осындай мекеме салу жоспарланған.
Армангүл Тәжібаева, ауыл тұрғыны:
Өзіміздің ауылға медпункт орнатқанына өте қуаныштымын. Енді ауданға емес, осы өзіміздің медпункт-қа алып келеміз балаларымызды. Өте ыңғайлы, ауданға жүгіріп жүрмейміз. Өте жақсы.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07