Жигули Дайрабаев ауыл тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жигули Дайрабаев ауыл тұрғындарымен кездесті

26.10.2022

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Жамбыл облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Азаматтарды Республика күнімен құттықтап, ауыл ақсақалдарынан бата алды. Меркі ауданында елге еңбегі сіңген фермерлермен жүздесіп, «Жілік шағу» дәстүрін өткізді. Байзақ және Жуалы ауданына да барып, шаруалармен кездесті. Жергілікті сүт зауытында болып қайтты. Жұртшылықпен агроөнеркәсіп саласының жетістіктері мен түйткілдері жөнінде әңгімелесті. Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жигули Дайрабаев, Президенттікке кандидат:

Қостөбе ауылдық округіндегі сайлаушылармен кездесіп, бұл жерде басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысатын фермерлер. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Қазір мына күзгі дала жұмыстары жүріп жатыр. Бірі қант қызылшасын, бірі жүгерісін және басқа дақылдарын жинап жатқан жағдайлары бар.


Хабарламаларға жазылу