Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев Сыр еліне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев Сыр еліне барды

27.10.2022

Кесте бойынша Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Президенттікке ұсынылған кандидат - Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Қызылорда облысына барды.

Жигули Дайрабаев Қызылорда қаласында күріш өсірушілермен кездесті. Көп суды қажет ететін шаруашылық түрін қуаңшылықтан сақтау шаралары сөз болды. «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына» барып, ғалымдарымен әңгімелесті.

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

Күріш суға толмай, мына топырақтың жағдайы болмайды. Сапасы болмайды. Бұл бір мәселе. Екінші мәселе. Арал проблемасы. Қызылорда өңірін экологиялық проблема мазалайды. Халық ол туралы бүгін кездесуде айтты.

Сырдария ауданына да ат басын бұрып, үлгілі ауылдардың бірі – «Нағи Ілиясов» тұрғындарымен кездесті. Бұлауыл береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында аймақтағы ең көрікті елді мекенге айналған. Жигули Дайрабаев пен оның партияластары жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысын көріп, жұртшылықты саяси бірлестіктің сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын таныстырды.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу