Фермерлер одағы: Субсидиялау жүйесі ашық әрі әділ болуы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фермерлер одағы: Субсидиялау жүйесі ашық әрі әділ болуы қажет

17.02.2022

Ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия мәселесіне ашық әрі әділ жүйе қажет. Көмекқаржысыз агро саланы дамыту қиынға соғады. Фермерлер одағының төрағасы Жигули Дайрабаев осындай пікірде. Жақында ғана Мемлекет басшысы министрілікті сынға алып, осы бағыттағы жұмысты жөнге келтіруді тапсырған. Соңғы 5 жылда агро салаға 2 трлн теңге субсидия бөлінген. Алайда нәтиже көзге көрінбейді.

Жигули Дайрабаев , «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті:

Фермерлер алаңсыз жұмыс істеуі керек. Фермерлерге көп нәрсе керек жоқ қой. Бірінші не керек? Бірінші мемлекеттің қолдауы керек, екінші қолжетімді несие керек. Үшінші оған жер керек. Осы мәселелерді тиянақтап шешетін болса ауыл шаруашылығы дамиды.


Хабарламаларға жазылу