Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды

29.10.2022

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Ақтөбе облысына барды.

Өңірлік штаб басшылығы кандидатты қарсы алып, туған күнімен құттықтады. Саяси бірлестік өкілдері Шығанақ Берсиев атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне соқты. Оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Қарғалы ауданындағы көкөніс өнімдерін сақтау қоймасының жұмысымен танысты. Сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.

Жигули Дайрабаев, Президенттікке кандидат:

Мен енді аудан әкімін көрген жоқпын, бірақ ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі күні алға қойылған ең басты мақсат – әрбір ауыл тұрғынын еңбекпен қамту. Жұмыс орындарын ашу. Осы мәселе төңірегінде Қарғалы ауданы әкімдігінің жұмысы көрініп тұр. Бұл қойманың сыйымдылығы 5 мың тонна. Осыдан 1-2 жыл бұрын ашылған екен. Пияз, картобы, сәбізі бар. Қазір 70-80 адам сорттап жұмыс істеп жатыр.


Хабарламаларға жазылу