Нұрлан Әуесбаев Қосшы жұртымен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев Қосшы жұртымен жүздесті

26.10.2022

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Оппозициялық партия өкілі Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесіп, ақсақалдардың батасын алды.

«Жалпыұлттық социал-демокартиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев жиынды сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырудан бастады. Әр бөліміне жеке-жеке тоқталды. Одан соң қосшылықтар тарапынан кандидатқа бірқатар сұрақ жолданды. Тұрғындар өздерінің толғандырған мәселесіне де тоқталды. Кездесу аяқталған соң, ақсақалдар кандидатқа өз батасын берді.

Мақсұт Насибулов, Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:

Біршама халық жиналды бүгін. Демалыс күніне қарамастан халық келіп отыр. Кандидатпен танысу үшін. Бағдарламада қандай бағыттар болу керегін айтып кетті, бұл ұтымды кездесу болды.

Нұрлан Әуесбаев жиын біткесін, тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Олардың талап-арыздарын мұқият тыңдап, қағазға түртіп алды. Сондай-ақ, партияның өңірлердегі штабтары да кандидаттың үгіт-насихатын жүргізуге атсалысып жатыр. Жоспар бойынша Әуесбаев ертең Ақтөбе облысының тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездеседі.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу