Қарақат Әбден Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Әбден Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

22.10.2022

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуін бастады. Бүгін үміткер елорда маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылында болып, жұртшылықпен жүздесті. Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сауалдарына жауап берді.

Өткен жылы жазда қала мәртебесін алған Қосшыда 65 мыңға жуық халық тұрады. Шаһар тіршілігі елордамен біте қайнасып жатыр. Ал іргедегі Қоянды ауылында 3 мыңнан астам адам бар. Кездесуге түрлі сала өкілдері мен зейнеткерлер келді. Кандидат сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады. Алдағы күндері кандидаттың аймақ тұрғындарымен кездесуі жалғасады.

Берік Төребеков, Қ.Әбден штабының өкілі:
Кандидаттың тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Тұрғындар белсенді қатысуда. Еліміздің өңірлерін кестеге сәйкес аралайтын боламыз. Бағдарламаны түсіндіру бойынша. Өңірлерде құрылған штабтарымыз да жұмыстарын бастап кетті.
Сапар Үсенов, Қоянды ауылының тұрғыны:
Кандидатпен таныстық. Өзіміздің маңызды сұрақтарымызды қойдық. Соған жауап алдық.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу