Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабы жұмысын бастады
Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының алғашқы отырысы өтті. Оның құрамына 474 адам кірген. Арасында қоғам қайраткерлері, Халықтық коалицияға кірген барлық ұйымның өкілдері, жастар, белгілі спортшылар мен Парламент депутаттары бар.
«AMANAT» партиясының төрағасы еліміздің әр өңірінде, қалалар мен аудандарды қоса алғанда 226 штаб құрылып, оның құрамына 6 мыңнан астам адам кіргенін жеткізді. Қазіргі таңда кандидаттың 30 мың сенімді өкілі тіркеліп, сайлау күні барлық учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық байқаушы дайындалды. Жиында өңірлік қоғамдық штабтардың басшылары сөз сөйлеп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы туралы есеп берді.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Бүгінгі күні Республикалық қоғамдық штабтың өңірлерге шығу кестесі әзірленді. Штаб мүшелері әр өңірге барғанда 5 топқа бөлініп, халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Біздің басты міндетіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын әр азаматқа, әр сайлаушыға жан-жақты түсіндіру, жүрегіне жеткізу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15