Президенттікке кандидаттардың штаб өкілдерін оқыту семинары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке кандидаттардың штаб өкілдерін оқыту семинары өтті

22.10.2022

Президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабының өкілдерін оқыту семинары өтті. Спикерлер қатысушыларға үміткерлердің Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуіне бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, қаражатты пайдалану туралы есеп ұсыну, кандидаттардың барлық қаржы операциялары мен процедураларын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы түсіндірді. Сондай-ақ, кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құқықтық шарттарымен таныстырды. Соңынан қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу