Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті. Жиында қатысушылар үгіт-насихат кезеңінің жоспарларын бекітіп, алда болатын іс-шараларды талқылады. Жоспар бойынша кандидат ірі кәсіпорындар ұжымымен, көпбалалы аналармен, орман және жануарларды қорғаушылармен, дағдарыс орталығында көмек алып жатқан отандастарымызбен кездеседі. Салтанат Тұрсынбекова кезектен тыс президенттік сайлауға «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан қатысады.
Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат:
Қызметкерлердің заңда көрсетілген, тіркелген санына қарап біз, қай бағыттар бойынша жұмыстар өткізуіміз керек, солармен қызметкерлер жұмысты бастап кетті. Ешқандай кедергі жоқ. Бәрі жақсы көңіл- күйде. Жұмысқа дайын. Жоспар бойынша мен барлық 20 өңірге барып, қайтсам деген ойым бар. Бірақ реалист болу керек.