Биыл кәсіпорындарда мыңға жуық адам зардап шеккен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл кәсіпорындарда мыңға жуық адам зардап шеккен

21.10.2022

Биыл еліміздің кәсіпорындарында мыңға жуық адам зардап шеккен. Олардың ішінде 134 адам қаза тапты.

Жыл басынан бері құқық қорғау орындарына осындай жазатайым оқиғалар туралы 744 материал түсіп, 118 қылмыстық іс қозғалған. Еңбек қауіпсіздігіне бей-жай қараған 109 лауазымды қызметкер жұмысынан босатылған. Бұл жайында Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шеккен жұмысшылардың көпшілігі тау-кен металлургия саласында еңбек еткен. Сонымен қатар қазір жалақыны уақытылы төлемеу жағдайлары Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жиілеген.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы:

Жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде жұмыс берушінің жалақы төлеу туралы нұсқамасы атқарушы құжаттың міндетті күшіне ие болды. Осылайша нұсқаманың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін ол жеке сот орындаушыларға мәжбүрлеп орындалуы үшін жіберіледі.


Хабарламаларға жазылу