Алматыда «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері студенттермен кездесті
Жастарға президент сайлауы туралы жан-жақты ақпарат беріп, құқықтық көмек көрсету маңызды. Осылайша олар саяси науқанға аса үлкен жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Бүгін Алматыда «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері студенттермен кездесті. Штаб мүшелері, белгілі заңгер ғалымдар саяси реформалар мен сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы баяндамалар оқыды. Жастарды, әсіресе, байқаушылардың сайлау процесіне қатысуы, олардың құқықтары мен міндеттері, президенттікке үміткерлерді ұсыну ерекшеліктері ерекше қызықтырды.
Алуа Ибраева, заң ғылымдарының докторы, профессор:
Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты- жастарға, әсіресе, жастарға көп көңіл бөліп жатырмыз ғой. Осы қазір залда 18 жастар, биылдан бастап 18-ге толады. Бірінші рет сайлауға қатысады. Соларға түсіндіру.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бұлақтың көзін ашты
25.08.2026, 13:25
Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
25.08.2026, 13:22
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
25.08.2026, 13:20
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
25.08.2026, 13:17
Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
25.08.2026, 13:15
Тунистегі шеру тәртіпсіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06