Түркия сарапшылары сайлауға қатысты пікір білдірді
Бір айдан соң өтетін президент сайлауы Қазақстандағы реформалардың бастамасы. Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғышарттардың бірі. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев арнайы брифингте еліміздегі соңғы өзгерістер мен алдағы Президент сайлауы туралы жан-жақты мағлұмат берді. Басқосуға келген саясаткерлер, журналистер мен дипломаттар Қазақстандағы жаңа бастамаларды мұқият қадағалап отырғанын айтты. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан мен Түркия дипломатиялық байланыстарының 30 жылында екі елдің қарым-қатынасы жаңа белеске көтерілгенін тілге тиек етті.
Режеп Шекер, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты:
Мен биыл маусым айында Қазақстанда конституцияға өзгерістер енгізуге арналған референдумға ТүркПА атынан халықаралық бақылаушы ретінде қатыстым. Сондағы байқағаным халық та, билік те оң өзгерістерге ынталы. Сол референдум да, алдағы Президенттік сайлау да жаңа Қазақстан құрудың алғашқы қадамдары деп санаймын.
Мехмет Сейфеттин Ерол, «Анкасам» саяси зерттеулер орталығының президенті:
Астанада өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары ұйымының саммитінде Қазақстан өте маңызды екі мәселені қозғады. Оның бірі диалог, екіншісі сенімділік. Дәл қазір әлемге осы екі қасиет жетіспей тұр. Қазақстан қырғи-қабақ болып отырған елдерге осылайша маңызды екі «месседж» жолдады. Бұл жаңа әлем құруда Қазақстанның да үлесі зор екенін көрсетсе керек.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29
Ыстанбұлда «Ұлы даланың рухы» атты сурет көрмесі ашылды
05.11.2025, 10:26
Есірткі қылмысына қатысты 900-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
05.11.2025, 10:08
Бельгияда дрондарға байланысты екі әуежай жабылды
05.11.2025, 10:07
АҚШ-та 144 мың литр отын тиеген ұшақ апатқа ұшырады
05.11.2025, 10:06
Маңғыстауда мысық тістеген тұрғын құтырма ауруынан көз жұмды
05.11.2025, 10:05
Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді
05.11.2025, 10:03
Қарағандыда қысқы дөңгелексіз жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды
05.11.2025, 10:02