Ұлыбританияның жуырда сайланған премьер-министрі отставкаға кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның жуырда сайланған премьер-министрі отставкаға кетуі мүмкін

20.10.2022

Ұлыбританияның жақында ғана сайланған премьер-министрі Лиз Трасс отставскаға кетуі мүмкін. Өйткені ол бес апта билік еткенде елдегі саяси, экономикалық дағдарысты тіпті тереңдетіп жіберген. Небары бір айдан астам уақытта Трасс кабинетінен екі министр кетті.

Үкімет басшысы парламент пен халықтың да қолдауынан айрылып отыр. Сондықтан, оның рейтингі 15 пайызға дейін құлдырады. Корольдіктің қазіргі заман тарихында ешқандай премьердің беделі мұнша төмен түспеген. Трасс салықты азайтпақ болды. Бірақ, бюджетті немен толтыратынын айтпаған. Осының салдарынан нарықта байбалам басталып, инвесторлар экономикаға ақша салудан бас тартты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу