Атырау облысында 46 лауазымды тұлға жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 46 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

20.10.2022

“Қазақстан темір жолы” компаниясының Атырау облыстық филиалының директоры Елеубай Сапаров ұсталды. Ол лауазымын асыра пайдаланып, кәсіпкерден 1 жарым млн теңге заңсыз ақша алды деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, қызмет барысында бірнеше рет пара алған Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бұрынғы басшысы да сотталды. Ол мемлекеттік қызметте және сол сияқты жоғары ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 5 млн теңге айыппұл арқалады. Жалпы өңірде соңғы 9 айдың ішінде 46 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша жауапқа тартылды. Олардың 17-сі ішкі істер органының қызметкерлері.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу