Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты

29.04.2021

Алматы облысында тәртіп сақшысы әріптесіне оқ атып, аяғынан жаралады. Оқиға Райымбек ауданында болды. Өзара сөзге келіп қалған екі полицейдің бірі қызметтік тапаншасымен учаскелік инспектордың жамбасынан атқан. Оқиға орнына барған облыстық полиция департаментінің басшысы барған. Іле-шала аудандық бөлім басшысының бірінші орынбасары қызметінен кетті. Жанжал кезінде қызметте болған қызметкерлер де жұмысынан қуылып, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Жараланған тәртіп сақшысының жағдайы қалыпты.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазір бұл факт бойынша ҚР ҚК адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар департамент бастығының қолға алған шаралары нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлға жазаланды.

Қуаныш Қанатұлы


алматы облысы полицей

Хабарламаларға жазылу