Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға жақын аумақты артиллериядан атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға жақын аумақты артиллериядан атқылады

19.10.2022

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға жақын аумақты артиллериядан атқылады. 250-дей снаряд екі елді бөліп тұрған буферлік аймаққа түскен. Солтүстік Корея: снарядтар Оңтүстік Кореяның әскери жаттығу өткізуіне ескерту ретінде жіберілді деп мәлімдеді. Сеул болса, Пхеньян бұл әрекеті арқылы 2018 жылғы әскери келісімді бұзды деп айыптап отыр.

Осы аптада Оңтүстік Корея солтүстіктен төнген ядролық және зымырандық қауіпке қарсы әскери жаттығу өткізіп жатыр.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу