Президент сайлауына төртінші кандидат тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауына төртінші кандидат тіркелді

19.10.2022

Прездент сайлауына төртінші кандидат тіркелді. Бүгін Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы атынан ұсынылған Қарақат Әбденге Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат куәлігін берді.

Асылбек Данияр, тілші:

Кандидат Қарақат Әбден «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 121 мыңнан астам қолын жинаған. Комиссия оның 2000-нан астамын жарамсыз деп таныды. Сондай-ақ, комиссия аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі Әбденге де банктен арнаулы уақытша шот ашу үшін мәліметтерді жолдады. Қарақат Әбден мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 9 жыл 1 ай.

20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына әзірге төрт кандидат тіркелді. Ол Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы ұсынған Мейрам Қажыкен, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев және Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы атынан ұсынылған Қарақат Әбден. Ал, қалған президенттікке кандидат ретінде ұсынылған 4 үміткер әлі кандидат ретінде тіркелген жоқ. Кандидаттарды тіркеу 21 қазанда аяқталады. Үгіт-насихат жұмыстары да сол күні 18:00-де басталады. Сайлауға 32 күн қалды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу