Қазақстандық оқушылар Женевада өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушылар Женевада өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетті

19.10.2022

Қазақстандық оқушылар Женевада өткен робототехникадан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, рекорд орнатты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ел намысын қорғаған шәкірттер 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады.

Робототехника чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыс. Онда ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы бақ сынады. Олар 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмеген. Оқушылар бірінші орынмен ғана шектелмей, өзге де қатысушыларға көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ, роботты жасаудағы тамаша инженерлік қабілеттері үшін «JUDGES AWARD» арнайы сыйлығын жеңіп алды. Бұл жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу