Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Әлем чемпионатын жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

07.10.2015
Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев (52 келі) Дохада өтіп жатқан Әлем чемпионатында украиналық Игорь Сопинскийдің 2:1 есебімен жеңіп келесі кезеңге өтті.

Алғашқы раунда екі төреші жеңісті украиналық боксшыға берді. Алайда 2-ші және 3-ші раунда қазақстандық спортшы қарқынды үдетіп, жеңіске жетті.  

Енді келесі кезеңде Олжас болгариялық Даниэл Асеновпен кездеседі. Бұл жекпе-жек 9-шы қазанда өтеді.

Еске сала кетейік, Дохадағы (Катар) әлемдік бәсекені «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу