Павлодарда 100 оқушыға «Тәуелсіздік ұландары» премиясы табысталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 100 оқушыға «Тәуелсіздік ұландары» премиясы табысталады

18.10.2022

Болат Аманбаев, тілші:

Республика күнін мерекелеу Ертіс-Баян өңірінде басталып кетті. Қазір «Жанашыр жүрек» акциясы өтуде. Бүгінгі күні 16 мыңнан астам адамға жалпы құны 96 млн теңгеге түрлі көмек көрсетілді. Олардың дені егде жастағы, мүкіндігі шектеулі және көп балалы отбасылар.

Ал, демалыс күндері «Таза табиғат» атты экологиялық акциясы, жұмыссыз адамдарды еңбекпен қамтуға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Ерекше мән беретін шараның бірі 20 қазан күні өтеді. 100 оқушыға «Тәуелсіздік ұландары» премиясы табысталады. Сыйақы 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұдан бөлек спортта, ғылым мен өнер саласында ерекше қабілетімен көзге түскен 20 жас азаматқа 500 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Жалпы облыс бойынша 250 ге жуық іс- шара өткізу жоспарланған.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу