«Қазақстан» телеарнасы «МУЗТВ-2016 премиясын» көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасы «МУЗТВ-2016 премиясын» көрсетеді

10.06.2016
«Қазақстан» телеарнасы «МУЗТВ-2016 премиясын» көрсетеді

11 маусымда, сағат 17:10-нан бастап «Қазақстан» телеарнасының эфирінде XIV-ші  танымал әндер саласындағы жыл сайынғы ұлттық теледидарлық «МУЗТВ-2016 премиясы» көрсетіледі.

Кештің жұлдызды қонақтары «МузТВ-2016 премиясы. Гравитация» жүргізушілері мен жеңімпаздары: Ксения Собчак, Лера Кудрявцева, Иосиф Пригожин, Дима Билан, Валерия, A’STUDIO тобы, Егор Крид, Serebro тобы мен Нюша.

«МузТВ-2016 премиясы. Болашақ энергиясы» әуендер индустриясының ең мықтыларын біріктіреді: танымал әртістер, жылдың үздік хиттері, жанды дауыс. Көрермендер әлем деңгейіндегі шоуды тамашалайтын болады.

«Болашақ энергиясы» премиясының атауы кездейсоқ емес: ультрасәнді технологиялар мен әндер сахнада әрбір көрерменге қуат беретін энергия көзіне айналады.

Көрермендер үш сағаттан астам уақыт аралығында ән мен көңіл-күйге бөленеді.

Сіздер жарқын концерттік нөмірлер мен керемет шоудың куәгері боласыздар.

Хабарламаларға жазылу