Азия кеңесінің атауы өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия кеңесінің атауы өзгеруі мүмкін

17.10.2022

Азия кеңесі халықаралық ұйымға айналса, атауы өзгеруі мүмкін. Құрамына 28 ел кіретін ірі диалог алаңы жаңа кезеңге өткелі тұр. Қазірдің өзінде біртіндеп ашық келіссөздер басталды. Бұл туралы кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлімдеді. Сонымен қатар, Азия елдерінің экологиялық кеңесі құрылуы мүмкін. Өйткені, апат көп. Зардабы одан да зор. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Президент отырыста мәселені шешу үшін қомақты инвестиция тарту керегін айтқан. Саммит қорытындысы бойынша сенім шаралар каталогы бірнеше жаңа бағытпен толықпақ.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы:

Ұйым болады дегенге ешкімнің күмәні жоқ. Мүше мемлекеттердің бәрі соған бел буып, мәлімдемеге қол қойды. Бірақ ол ұйымның атауы қалай болады? Ең бастысы, бәрі трансформацияға қуанып отыр. Бұл – бір. Екіншісі – арамыздағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көшу керектігін бәрі мойындап отыр.

Әсима Нұрбай

Хабарламаларға жазылу