Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін

29.01.2020
Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қосшы кентінің мәртебесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Электронды үкімет порталының «Ашық диалог» алаңында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жазды. 

«Қосшы ауылы Нұр-Сұлтан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан, өңірдегі ірі және қарқынды дамып келе жатқан елді мекен. Тұрғындардың саны артқан сайын елді мекеннің инфрақұрылымы да дамуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында медициналық, білім беру және өзге де әлеуметтік қызмет желісін дамыту шаралары қолға алынуда. Қазіргі уақытта Целиноград ауданындағы Қосшы ауылының мәртебесін өзгерту мәселесі қаралып жатыр»,-деді Ермек Маржықпаев.


Хабарламаларға жазылу