Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауы Тобыл болып өзгеруі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауы Тобыл болып өзгеруі тиіс

07.12.2018

Жергілікті мәслихаттың шешімін республикалық ономастика комиссиясы қолдады. Қостанай ауданының орталығы саналатын Затобол кенті – Қостанай қаласының дәл іргесінде. Тобыл өзенінің қарсы бетінде орналасқан. Оның атауын өзгертуді алдымен тұрғындар ұсынған. Сонымен қатар, бұл елді мекенге жаңа атаумен қоса, қала мәртебесі де берілуі тиіс.  

Жарасхан Наурызбаев, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

-  ҚР Ұлттық экономика және басқа да министрліктермен қала мәртебесін беру бойынша іс-әрекеттер, тиесілі келісімшарттар жасалады. Содан соң, Үкімет арқылы ҚР Президенті Жарлығына өткізіледі. Бұл мәселенің нүктесі тек Елбасы Жарлығымен қойылады.  

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу