Елімізде сайлау процесіне қатысатын комиссия мүшелері дайындықтан өтеді
Елімізде сайлау процесіне қатысатын комиссия мүшелері дайындықтан өтеді. Қазір оларды оқыту басталды. 18 қарашаға дейін Жамбыл облысында 3856 адам арнайы тест тапсырып, сертификат алуы тиіс. Яғни мамандар, сайлаудың тәртібі мен заңдылықтары бойынша білімін жетілдіреді. Саяси науқан кезінде олар өз міндеттерін дұрыс атқарып, заң аясында ғана әрекет етуі тиіс дейді ұйымдастырушылар. Ал, 21 қазаннан бастап БАҚ беттерінде үгіт-насихат жұмыстары жарияланбақ. Сондай-ақ, аумақтық учаскелердің бәрінде кандидаттар туралы ақпараттар ілінуі тиіс. Бұдан бөлек семинар кеңесте отандық және халықаралық байқаушылардың да рөлі басым екендігі айтылды.
Сара Мадиева,Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Жалпы алғанда 3856 адам түгел дерлік оқып бітуі керек. 18 қарашаға дейін. Сонымен қатар, тест тапсырып, сертификат алуы керек. Яғни, ол сертификат әр бір сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлау туралы заңды жақсы білетіні, оны сол өздерінің міндеттерін сайлау процесіне кіріскен кезде өз жұмыстарын дұрыс атқаруы үшін қажет.
Нұрдос Сембек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да «Ботай. Ғайып ғалам» фильмін түсіре бастады
04.03.2026, 17:38
«IT-Aiel» және «AqylTech» жобасының жаңа маусымы басталды
04.03.2026, 17:35
Көлікті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасымен тіркеуге болады
04.03.2026, 17:33
«Стрептоцид» препаратының сериясына тыйым салынды
04.03.2026, 17:31
Ақмола облысында қызылшамен ауырған 66 курсанттың бәрі жазылды
04.03.2026, 17:29
Конституция жобасы – ел болашағының берік негізі
04.03.2026, 17:27
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
04.03.2026, 17:24
Референдумды 18 мыңға жуық байқаушы қадағалайды
04.03.2026, 17:22