Президенттікке үміткер тағы бір кандидат тіркелді. Ол – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев. Осылайша, сайлауға қатысатын үш үміткердің аты белгілі болды.
Осыдан бір сағат бұрын үміткер Жигули Дайрабаев соңғы құжаттарын тапсырды. Кандидат «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 125 082 қолын жинаған. Оны комиссия арнайы тексерістен өткізген. Нәтижесінде 2000 астам қолды жарамсыз деп таныды. Сондай-ақ, комиссия аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі Дайрабаевқа банктен арнаулы уақытша шот ашу үшін деректерді жолдады. Әрі қарай, комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттық куәлігін табыстады. Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде ұсынылып, Орталық сайлау комиссиясына алғаш болып құжат тапсырғандардың бірі. Ол мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі де көп.
Жигули Дайрабаев, Президенттікке үміткер:
20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына әзірге үш кандидат тіркелді. Ол Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы ұсынған Мейрам Қажыкен және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев. Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы 3 үміткерді президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты және «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевтің сәйкестігін белгілеу рәсімін уақытша тоқтатты. Ал, қалған президенттікке кандидат ретінде ұсынылған 5 үміткер қол жинау процесіне кіріскен. Кандидаттарды тіркеу 21 қазанда аяқталады. Саяси күнге 34 күн қалды.
Асылбек Данияр