Президент: Сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды

14.10.2022

Дәл қазір Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жиында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызына тоқталды. «Қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды. Бізге өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет. Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн, деді Президент самитте.

Раушан Салауқызы


Хабарламаларға жазылу