Президент Сауд Арабиясының тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сауд Арабиясының тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды

15.04.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефонмен сөйлесті. Мемлекет басшысы мен Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, ынтымақтастықты дамыту мәселесін атап өтті. Тараптар саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерін елімізге сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ әңгіме барысында көшбасшылар бір-бірін қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу