Екі қорық жаһандық резерват тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі қорық жаһандық резерват тізіміне енді

07.06.2023

«Бурабай» және «Марқакөл» қорықтары биосфералық резерваттардың жаһандық желісіне, ал «Ортеке» музыкалық-қуыршақ өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Мұны растайтын сертификаттарды бүгін Мемлекет басшысына ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле табыстады. Кездесуде Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени және тарихи мұраларды сақтау, білім және ғылым саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту ісіндегі ынтымақтың өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы климат, био-алуантүрлілік және су ресурстары салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстан да ниетті екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін аса маңызды. ЮНЕСКО біз үшін ерекше ұйым әрі басымдыққа ие. Біз осы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Одрэ Азуле, ЮНЕСКО Бас Директоры:

Менің Қазақстанға жасаған сапарым Сіздің еліңіздегі маңызды стратегиялық кезеңмен тұспа-тұс келді. Сіз ауқымды реформа жүргізіп жатырсыз. Бұл істе сіздің президенттік мандатыңыз шешуші рөл атқаруға тиіс.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу