Саясаттанушы: Азия елдерінің бағыт-бағдары айқындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саясаттанушы: Азия елдерінің бағыт-бағдары айқындалады

14.10.2022

Корей түбегі мен Тайвань бұғазындағы шиеленістер, Қырғыстан және Тәжікстан шекарасындағы қақтығыстар. «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммиті осындай саяси дау-дамайларды оңтайлы шешуге жол ашады»,-дейді сарапшы Әділ Кәукенов. Саясаттанушының пікірінше, Қазақстан бұл тұрғыда шешуші рөл атқарады. 11 елден келген 50 делегация Азия елдерінің даму қарқынын тежейтін бірқатар проблеманы талқылайды. Шараға Түркия, Сингапур және Қатар сынды алпауыт елдер басшыларының келуі еліміз үшін өте маңызды. Өйткені бұл болашақта мемлекетке инвестиция тартуға, жан-жақты туристік ағымды ұлғайтуға жол ашып, Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға сеп.

Әділ Кәукенов, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының бас маманы:

Мұндай ауқымы кең Қазақстанды әлем жұртына жақсы қырынан танытады. Еліміз дүниежүзінің біршама мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатқан. Саяси шиеленістер өршіп тұрған кезеңде бұл өте маңызды деп ойлаймын. Азия кеңесі дүниежүзіндегі дәрежесі жоғары ұйымдардың қатарына кіреді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу