Алтыншы саммит – әлем назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтыншы саммит – әлем назарында

13.10.2022

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға сапарын «ата-баба жеріндемін» деп бір ауыз сөзбен ғана сипаттаған. Бұл туралы жазбаны ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады. Ал, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті – әлем назарында. Ол жайында бүгін шетелдің ірі медиа ұйымдары ақпарат таратып жатыр.

Солардың бірі – Саудияның «әл-Арабия» телекомпаниясы. Ол Ресей мен Түркия басшыларының саммит аясындағы кездесуіне мән берген. Автордың айтуынша, Ердоған әлі де Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді бейбіт келіссөздерге тартудан үмітті.

Осы тақырыпқа Би-би-си де тоқталды. Оның дерегінше, бейсенбіде Қазақстан астанасында Путин мен Ердоғанның кездесуі өтеді. Ал, Анкара соңғы айларда Ресей мен Батыс арасында арағайын болуға тырысып келеді. Сонымен бірге, британдық телерадиокорпорация тілшісі Түркияның Киевті қару-жарақпен қамтамасыз ете отырып, Мәскеуге қарсы ауқымды санкцияларды қолдамағанын да атап өткен.

Ал, Қытайдың «Синьхуа» агенттігі мен China Daily газетінің жаһандық қызметі Азия кеңесінің алтыншы саммитіне ел делегациясын вице-президент Ван Цишань бастап барғанын хабарлады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу