Бүгін «Жусан» балетінің премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Жусан» балетінің премьерасы өтеді

10.12.2014
Бүгін «Жусан» балетінің премьерасы  өтеді

Бүгін қазақ балет өнері тарихындағы ерекше туынды «Жусан» қойылымының премьерасы өтеді. Ал, кеше осыған орай «Астана балет» ұжымы соңғы дайындық жұмыстарын өткізді. 

Кілең қыздардан құралған балет дала тынысын, мұң мен қуанышын, биязы сұлулық пен отанға деген сүйіспеншілікті би арқылы өрнектеп жеткізеді. Көрермен қойылым барысында Сарыарқаның жазығындағы жусан шөптің хош иісіне қанығып, Қазақ елінің кең даласына саяхаттайды. Либреттоны өнерсүйер қауым  «Астана Опера» сахнасынан  тамашалай алады. 

Ләззат БЕКТАС                                               

Хабарламаларға жазылу