«Astana Ballet» Ресейде өтетін музыка фестиваліне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Ballet» Ресейде өтетін музыка фестиваліне қатысады

23.07.2014
«Astana Ballet» Ресейде өтетін музыка фестиваліне қатысады

26-27 шілде күндері «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы ресейлік Мариинский театрының тарихи сахнасында «Звезды белых ночей» атты XXII музыка фестивалі шеңберінде «ӘЛЕМ» атты бірактілі балетін ұсынады.

Қоюшы-хореограф – белгілі Ресей балетмейстері Никита Дмитриевский. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

 «ӘЛЕМ»  балетінің премьерасы 2014 жылы 27 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында үлкен табыспен өтті. «ӘЛЕМ» - ол жанның тууы, оның аспаннан жер бетіндегі өмірге дейін тар жол, тайғақ кешіп өткен жолы туралы әсерлі, сұлу оқиға.

Балет әуенін композиторлар Арманд Амар мен Болат Ғафаров арнайы жазған. Ал,  либреттосын Қазақстанның белгілі ақыны, сценарист Бақыт Қайырбеков және Никита Дмитриевский жазды.

Хабарламаларға жазылу