Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын эфирге шығару шарттары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын эфирге шығару шарттары

13.10.2022
Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын эфирге шығару шарттары

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ (бұдан әрі - РТРК), «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының, «Kókshe», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Saryarqa», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyraý», «Mańǵystaý» аймақтық Теле-, радиоарналарында «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоарналарының, (бұдан әрі - Теле-, радиоарналар) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Теле-, радиоарналарда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Теле-, радиоарналар РТРК мен Президенттікке Кандидат (бұдан әрі - Кандидат) арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде және Теле-, радиоарналар бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Теле-, радиоарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Теле-, радиоарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ тілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудио және бейнероликтер;

2) арнайы репортаждар;

3) өзге де Үгіт материалдары.

Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің РТРК басшысының атына жазған жазбаша өтініші - эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме. Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Теле-, радиоарналар эфирінде Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын РТРК белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, РТРК Теле-, радиоарналардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Теле-, радиоарналарда эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіттік аудиоматериалдар (аудиороликтер), WAV-форматында-дискреттеу жиілігі -48000 Гц, разрядтылығы – 24 бит, стерео, жазба деңгейі -9-дан -6 дб-ға дейінгі файлда ұсынылады.

Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, РТРК оларды эфирге шығарудан бас тартады.

РТРК Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының Президенттігіне басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

Теле-, радиоарна атауы

Орналастыру тілі

1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС

1

«Qazaqstan» ҰТА

Қазақ

166 500

2

РТРК-ның аймақтық телеарнарлары

Қазақ, орыс

16 000

3

«Қазақ радиосы»

Қазақ, орыс

46 000

4

«Шалқар» радиосы

Қазақ

34 000

5

Аймақтық радиолар

Қазақ, орыс

4 000


Орналастыру құны Теле-, радиоарналардың барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау РТРК ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

РТРК жазбаша өтініштерді 2022 жылғы 17 қазаннан бастап, 2022 жылғы 15 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:00 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

•  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында орналастыру үшін Астана қ., Д.Қонаев көш., 4, 19 қабат, А.19.011 кеңсе-7, телефондар: 757 047, 757 051, 757 049, 757 052;

•  «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоарналарында орналастыру үшін Астана қ., Д.Қонаев көш., 4, 4 қабат, В.4.079 телефон: 757 299;

•  «Kókshe» телеарнасында орналастыру үшін Көкшетау қ., М.Сағдиев көш., 19;

•  «Qostanai» телеарнасында орналастыру үшін Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 126;

•  «Qyzyljar» телеарнасында орналастыру үшін Петропавловск қ., Брусиловский көш.,1;

•  «Ertis» телеарнасында орналастыру үшін Павлодар қ., Қ.Сұрағанов көш., 21;

•  «Semei» телеарнасында орналастыру үшін Семей қ., Шұғаев көш., 157;

•  «Altai» телеарнасында орналастыру үшін Өскемен қ., Стаханов көш., 70;

•  «Saryarqa» телеарнасында орналастыру үшін Қарағанды қ., Жауынгер интернационалистер көш., 14;

•  «Jambyl» телеарнасында орналастыру үшін Тараз қ., Сүлейменов көш., 6;

•  «Ońtústik» телеарнасында орналастыру үшін Шымкент қ., Қазыбек би көш., 20 үй;

•  «Qyzylorda» телеарнасында орналастыру үшін Қызылорда қ., Желтоқсан көш., 11;

•  «Aqtobe» телеарнасында орналастыру үшін Ақтөбе қ., Т.Ахтанов көш., 54;

•  «Aqjaiyq» телеарнасында орналастыру үшін Орал қ., Н.Сыдықов көш., 1А;

•  «Atyraý» телеарнасында орналастыру үшін Атырау қ., Молдағалиев көш., 29;

•  «Mańǵystaý» телеарнасында орналастыру үшін Ақтау қ., 24 ықшам ауданы, 8 ғимарат.

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ




ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ


Общие условия предоставления акционерным обществом АО «РТРК «Казахстан» эфирного времени на теле-, радиоканалах для размещения предвыборных агитационных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан, участвующих во внеочередных выборах Президента Республики Казахстан 20 ноября 2022 года


Акционерное общество «Республиканская телерадиокорпорация «Казахстан» (далее - РТРК) – собственник национального телевизионного канала «Qazaqstan», региональных телеканалов РТРК «Kókshe», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Saryarqa», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyraý», «Mańǵystaý» и радиоканалов «Казахское радио», «Шалкар» (далее – Теле-, радиоканалы), в соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» информирует о размере оплаты, условиях и порядке предоставления эфирного времени на Теле-, радиоканалах для размещения материалов предвыборной агитации (далее - Агитационные материалы).

Теле-, радиоканалы предоставляют эфирное время на основании письменного договора, заключаемого между РТРК и кандидатом в Президенты (далее - Кандидат) или с уполномоченным представителем Кандидата, и в соответствии с утвержденными Теле-, радиоканалами монтажными листами. При этом, монтажные листы разрабатываются за 3 (три) календарных дня до предполагаемого выхода в эфир Агитационных материалов в соответствии с имеющимися у Теле-, радиоканалов техническими возможностями на дату подачи письменного обращения, т.е. наличие и/или отсутствие рекламы в предполагаемый временной интервал эфирного времени Теле-, радиоканалов.

Предоставление эфирного времени на Теле-, радиоканалах осуществляется путем размещения нижеследующих Агитационных материалов:

1) аудио и видеоролики, хронометражем не менее 10 (десяти) секунд и не более 60 (шестидесяти) секунд на казахском языке или русском языках;

2) спецрепортажей;

3) иных Агитационных материалов.

Основанием для заключения договора о предоставлении эфирного времени является письменное заявление Кандидата либо его уполномоченного представителя на имя руководителя РТРК.

Количество, хронометраж, предполагаемые дата и время размещения в эфире Агитационных материалов указываются в письменном заявлении Кандидата либо его уполномоченного представителя, которые затем закрепляются условиями договора.

Заявление регистрируется в журнале регистрации заявлений Кандидатов, в порядке очередности, путем присвоения каждому письменному заявлению порядкового номера и даты поступления заявления.

К письменному заявлению должны быть приложены следующие документы:

1) копия документа, подтверждающего регистрацию Кандидата;

2) копия документа, потверждающего полномочия представителя Кандидата;

3) копия удостоверения личности лица, подающего заявление;

4) документы, подтверждающие полномочия лица, для заключения договора.

Очередность размещения в эфире Теле-, радиоканалов Агитационных материалов Кандидатов устанавливается в порядке поступления письменных заявлений либо по жребию в случае, если заявления поступили одновременно. Порядок и условия проведения жребия определяются РТРК.

В случае, если к моменту поступления письменного заявления, запрашиваемое время предоставлено другому Кандидату, обратившемуся раньше, либо по техническим возможностям не может быть предоставлено, РТРК предлагает Кандидату иное время для размещения агитационных материалов, с учетом технических возможностей теле-, радиоканалов РТРК.

Агитационные материалы должны быть представлены в РТРК не менее чем за 3 (три) календарных дня до предполагаемого выхода в эфир на Теле-, радиоканалах.

Агитационные аудиовизуальные материалы (видеоролики) предоставляются в кодированном формате DVCPRO HD или XDCAM HD 50 Мбит/сек, profile 4:2:2, 25 кадров в сек., с размером кадра стандарта HD, тип развертки interlaced, порядок построения полей – верхнее поле первое (top field first), соотношение кадра 16:9 со сведенным звуком и выставленным тайм-кодом. Видео и звук должны быть упакованы в контейнеры MOV или MXF. Аудиосопровождение должно соответствовать следующим объективным техническим и субъективным требованиям динамический диапазон, не менее 40 дБ, частотный диапазон, не менее 20Гц-20000Гц; коэффициент нелинейных искажений, не более 1% при студийной записи не должно быть акустической реверберации («Эхо») сигнала должна присутствовать 100% разборчивость речи; на записи не должны прослушиваться посторонние звуки, шумы, помехи; для 1-2 звуковой дорожки необходим сведенный звук (левая и правая звуковые дорожки должны быть продублированы), для 3-4 звуковой дорожки необходим разведенный звук.

Агитационные аудиоматериалы (аудиоролики) предоставляются в WAV-формате - частота дискретизации - 48000 Гц, разрядность - 24 бит, стерео, уровень записи от -9 до -6 дБ.

Агитационные материалы предоставляются на внешних носителях (жесткий диск, флеш карта).

Одновременно с электронным носителем предоставляется расшифровка текста, являющегося содержанием Агитационного материала, подписанного лицом, уполномоченным на подписание договора о предоставлении эфирного времени, письменные разрешения лиц, чьи изображения использованы в Агитационных материалах, а в случае их смерти - письменные разрешения наследников, в случае использования в рекламных материалах изображения несовершеннолетних детей - письменные разрешения от родителей, опекунов, попечителей.

Агитационные материалы должны содержать звуковую или визуальную информацию об их оплате, источниках финансирования.

Кандидаты, предоставившие Агитационные материалы, персонально несут ответственность за соответствие их содержания требованиям законодательства Республики Казахстан, в том числе, в области авторских и смежных прав.

В случае нарушения условий и порядка, указанных в настоящем информационном сообщении, а также при нарушении условий соответствующего договора сообщение в эфир Агитационных материалов не производится либо приостанавливается до устранения нарушения.

РТРК отказывает в выпуске в эфир Агитационных материалов, если они содержат идеи насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности республики, подрыва безопасности государства, разжигания социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, культа жестокости и насилия, а также создание непредусмотренных законодательством военизированных формирований.

РТРК вправе отказать в выходе в эфир Агитационных материалов в случае наличия в них информации, способной нанести ущерб чести, достоинству или деловой репутации других кандидатов в Президенты Республики Казахстан. Условия и порядок предоставления эфирного времени, указанные в настоящем информационном сообщении, могут корректироваться в соответствии с требованиями уполномоченных органов Республики Казахстан.

Стоимость и язык размещения Агитационных материалов на Теле-, радиоканалах

Наименование теле-, радиоканала

Язык размещения

Стоимость за 1 минуту с НДС, тенге

1

НТК «Qazaqstan»

Казахский

166 500

2

Региональные телеканалы РТРК

Казахский, русский

16 000

3

«Казахское радио»

Казахский, русский

46 000

4

Радио «Шалкар»

Казахский

34 000

5

Региональные радио

Казахский, русский

4 000


Стоимость размещения включает в себя трансляцию и ретрансляцию Теле-, радиоканалов во всех доступных средах распространения вещания РТРК (эфирное аналоговое, эфирное цифровое, спутниковое, а также посредством кабельных операторов и онлайн вещания в сети Интернет).

Оплата по заключенному договору за распространение Агитационных материалов на Теле-, радиоканалах осуществляется на основании выставленного РТРК счета на оплату в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты выставления счета.

Письменные заявления принимаются РТРК с 17 октября 2022 года по 15 ноября 2022 года включительно, кроме выходных и праздничных дней с 10:00 до 18:00 часов (по местному времени), перерыв с 13:00 до 14:00 часов по следующим адресам:

•  г. Астана, ул. Д.Кунаева, 4, 19 этаж, А.19.011 офис 7, телефоны: 757 047, 757 051, 757 049, 757 052 для размещения на Национальном телеканале «Qazaqstan»;

•  г. Астана, ул. Д.Кунаева, 4, 4 этаж, В.4.079, телефоны: 757 299 для размещения на на радиоканалах «Казахское радио», «Шалкар»;

•  г.Кокшетау, ул. М.Сагдиева, 19, для размещения на телеканале «Kókshe»;

•  г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 126, для размещения на телеканале «Qostanai»;

•  г.Петропавловск ул. Брусиловского, 1, для размещения на телеканале «Qyzyljar»;

•  г.Павлодар, ул. Сураганова, 21, для размещения на телеканале «Ertis»;

•  г.Семей ул. Шугаева, 157, для размещения на телеканале «Semei»;

•  г.Усть–Каменогорск, ул. Стахановская, 70, для размещения на телеканале «Altai»;

•  г.Караганда ул. Воинов Интернационалистов, 14, для размещения на телеканале «Saryarqa»;

•  г.Тараз, ул. Сулейменова, 6, для размещения на телеканале «Jambyl»;

•  г.Шымкент, ул. Казыбек би, 20, для размещения на телеканале «Ońtústik»;

•  г.Кызылорда ул. Желтоксан, 11, для размещения на телеканале «Qyzylorda»;

•  г.Актобе, ул. Т.Ахтанова, 54, для размещения на телеканале «Aqtobe»;

•  г.Уральск, ул. Н.Сдыкова, 1А, для размещения на телеканале «Aqjaiyq»;

•  г.Атырау, ул. Молдагалиева, 29, для размещения на телеканале «Atyraý»;

•  г.Актау, 24 микрорайон, 8 здание, для размещения на телеканале «Mańǵystaý».

Письменные заявления посредством факсимильной и Интернет связи не принимаются.

АО «РТРК «Казахстан»


Хабарламаларға жазылу