Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасының орынбасарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасының орынбасарымен кездесті

13.10.2022

Президенттермен қатар осы саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен делегаттар келгені мәлім. Соның бірін бастап келген Қытай төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен президент алқалы жиынға дейін кездесу өткізді. Бас қосуда Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың саммитке осындай жоғары деңгейде қатысуы, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы өзара сенімді нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті. Әрі кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президентімен де кездесті. Во Тхи Ань Суан мен Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сауда-экономикалық байланыстың дамып келе жатқанын атап өтті. Әрі туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы қатынастарды күшейту үшін мол әлеует бар екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл елдеріміздің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл. Бұл серіктестікті одан әрі дамыту жайын талқылауға жақсы мүмкіндік. Екі ел арасындағы байланыс достыққа негізделген. Әлеуетті арттыру үшін Вьетнам әуе компанияларына Қазақстанға рейс ашуды ұсынамын.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу