Астанада Әшірбек Сығайды еске алу кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әшірбек Сығайды еске алу кеші өтеді

16.01.2015
Астанада Әшірбек Сығайды еске алу кеші өтеді

22-қаңтар күні Қазақ Ұлттық өнер университетінде белгілі театр сыншысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығайды еске алуға арналған «Сыннан сыр түйген шебер» атты кеші өтеді.

Кеште саналы ғұмырын ұлттық мәдениетіміз бен төл өнеріміздің дамуы жолында зор еңбек етіп, соңында мол мұра қалдырған тұлғаның өмірі мен өнері туралы үзеңгілес достары мен әріптестері, қазақ зиялылары мен шәкірттері естелік айтады.

Әшірбек Төребайұлы өмірінің соңғы жылдарында  Қазақ Ұлттық өнер университетінде ұстаздық қызмет атқарды.

Шараға жазушы-драматург Әкім Тарази,  «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, жазушы-драматург, қоғам қайраткері  Төлен Әбдік, әнші, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов, композитор Кеңес Дүйсекеев,  кино режиссері Талғат Теменов, Астана Жастар театрының директоры  Айболат Сексенбаев және М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі Еркін Қасенов қатысады.

        

 

 

Хабарламаларға жазылу