Президент сайлауы: 7 кандидаттың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі әлі белгіленбеді
Кезектен тыс президент сайлауына ұсынылған 7 кандидаттың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі әлі белгіленбеді. Олардың ішінде тек «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Нұржан Әлтаев қана мемлекеттік емтихан тапсырып, сәтті өтті.
Асылбек Данияр, тілші:
Орталық сайлау комиссиясы «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевты құжаттарды бұрмалау фактісі бойынша тексеріліп жатқанын айтқан болатын. Комиссияның хатшысы Мұхтар Ерман мұны жеке отырыста қаралатынын айтты. Жалпы, үміткер ретінде ұсынылып, 12 кандидат құжат тапсырды. Үміткерлерді тіркеу 21 қазанға дейін жалғасады. Олардың әр қайсысы кем дегенде 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс. Ал, 21 қазан сағат 18.00-де үгіт-насихат жұмыстары басталады. Айта кетейік, үміткерлердің бірі түстен кейін мемлекеттік емтихан тапсырады. Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясы 15:00-де бір кандитатты тіркеу бойынша отырыс өткізеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық бұлақтың көзін ашты
25.08.2026, 13:25
Қазақстандық медиамамандар тағылымдамадан өтті
25.08.2026, 13:22
Алматыда жаңа әскери қалашық салынып жатыр
25.08.2026, 13:20
Бизнеске арналған AI-навигаторды іске қосты
25.08.2026, 13:17
Австралияда ЖИ-мен шығарылған әндерге тыйым салынды
25.08.2026, 13:15
Тунистегі шеру тәртіпсіздікке ұласты
25.08.2026, 13:12
Электросамокатпен жаяужолмен жүруге тыйым салды
25.08.2026, 13:09
Автономды қазандықтар жылыту маусымына 98% дайын
25.08.2026, 13:06