Катар мемлекеті құны 200 миллион доллар болатын инвестициялық жобаларды елімізде жүзеге асырмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен монархиялық мемлекеттің әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни жүргізген келіссөздер нәтижесінде осындай құжаттарға қол қойылды. Екі ел арасындағы сауда-саттық қазір көңіл көншітерлік емес. Небары 3 миллион доллар. Енді соны 70 миллионға жеткізу көзделген. Катарлық бизнесмендер елімізде ет пен сүт өнімдерін жасайтын зауыттарды салуды көздеп отыр. Ал Қазақстан Катарға азық-түлік экспортын арттырмақ. Жалпы екі ел арасындағы байланыс қазір жан-жақты дамып келеді. Мемлекет басшысы бұл Катар әмірінің еңбегі екенін атып отап өтіп, оны қадірлі досым деп атады. Әрі еліміздің ең жоғарғы наградасы «Алтын қыран» орденімен марапаттады.
Досжан Маратұлы