«Ән жүрегім - Астана» республикалық ән байқауына өтініштер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән жүрегім - Астана» республикалық ән байқауына өтініштер қабылдау басталды

21.04.2014
«Ән жүрегім - Астана» республикалық ән байқауына өтініштер қабылдау басталды

Астанада елорда күнін мерекелеу аясында өтетін «Ән  жүрегім - Астана» республикалық ән байқауына өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы astana.kz  сайты хабарлады.   Байқауға еліміздің бас қаласы Астананы әнге қосқан барша Қазақстанның жастары қатыса алады.  

Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 18-30 жас аралығындағы жас әншілер, әуесқой және кәсіби шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер мен жеке орындаушылар қатыса алады.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар үшін басты талап - ән Астанаға арналу керек, және  әннің авторы болуы тиіс. Байқау жеңімпаздары Елорда күні қарсаңында өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.  

Байқауға қатысу үшін өтініш-анкета, әннің сандық тасымалдағыштарға жазылған нұсқасын және сурет жолдау керек.   

Байқау еңбектері мына мекенжай бойынша қабылданады:  010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 («Өркен» іскерлік орталығы, 401-кабинет, «Ән жүрегім - Астана!» байқауына» белгісімен.  

Телефон: (+77172) 910845.  

E-mail: baiterek-press@mail.ru.


 

Хабарламаларға жазылу