«Қазақстандағы ең үздік туристік бағдар» байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандағы ең үздік туристік бағдар» байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда

07.03.2015
«Қазақстандағы ең үздік туристік бағдар» байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «Қазақстандағы ең үздік туристік бағдар» байқауына өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқауға елдің барлық қалалары мен аймақтарының туристік операторлары шақырылады.

Шара мақсаты: көрме келушілеріне арналған үздік туристік бағдарларды анықтау, сондай-ақ, туристік бағдарларға қатысты халықаралық сапа стандарттарына сәйкес кеңестер мен талаптар әзірлеу.

Байқау:

«Үздік сититур»,

«Үздік экологиялық туристік бағдар»;

«Үздік тарихи туристік бағдар»;

«Үздік экстремалдық туристік бағдар»;

«Үздік мәдени-танымдық туристік бағдар»;

«Жібек жолы бойынша үздік туристік бағдар»;

«Үздік отбасылық тур»;

«Үздік VIP туристік бағдар»;

«Үздік тосқауылсыз туристік бағдар»;

«Үздік инновациялық туристік бағдар» номинациялары бойынша өткізіледі.

Өтініштер 2015 жылдың  26-наурызына дейін қабылданады.

 

 

Хабарламаларға жазылу