22 ақын қатысқан сайыстың шешуші сынына 10 суырып салма шыққан.
Солардың ішінен, бірінші орын өткен жылғы «Алтын домбыра» иесі Жандарбек Бұлғақовқа бұйырды. Екінші орын Еркебұлан Қайназардың қанжығасында кетсе, үшінші орынды Айнұр Тұрсынбаева мен Бекарыс Шойбеков өзара бөлісті.
Айта кетейік, бұл жылғы аламан «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген.
Сонымен қатар, ақындар Тәуелсіздік мейрамы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын жырлады.
Әлия ӘШІМ