Президенттікке кандидаттар мемлекеттік тілде емтиханнан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке кандидаттар мемлекеттік тілде емтиханнан өтті

10.10.2022

Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі. Лингвистикалық комиссия отырысы оның емтиханнан сүрінбей өткенін мәлімдеді. Үміткер жазба тапсырмасында «Тіл - халықтың алтын бесігі» тақырыбын таңдаған. Жұмыста стилистикалық және грамматикалық 7 қате жіберген. Комиссия мұны қанағаттанарлық деп бағалады. Екінші ауызша оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқыған. Сонымен қатар, Қарақат Әбден көпшілік алдында сөйлеу тапсырмасында «Азат елдің еңсесі биік» тақырыбын таңдапты. Ол үш бағыт бойынша да жоғары баға алды.

Дихан Қамзабекұлы, Лингвистикалық комиссияның мүшесі:
Қарақат Жақсылыққызы Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі және қойылған сұрақтардың бәріне өз деңгейінде жауап берді. Шығармасы мазмұны тұрғыдан сынға жауап бере алады. Өткенде де мен айттым бұл «5» деген баға немесе ешқандай қатесіз жазу филологтардың ғана филологтардың ішінде ең сауаттысың ғана үддесінен шыға алады.

Нұрлан Әуесбаев кандидатурасы талапқа сай келеді

Бұдан бөлек, Жалпыұлттық социал-демократикалық партиясының өкілі Нұрлан Әуесбаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сай келеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 10 жыл 8 айды құрайды.

Талғат Ерғалиев орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды

Сондай-ақ, «Қазақстан құрылысшылар одағының» атынан Президент сайлауына қатысуға ниет білдірген Талғат Ерғалиев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу