Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдаған қоғам өкілдері пікір білдірді
Халық әділ сайлауға иек артып отыр. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген үлкен сенімнен туындайды. Алдағы саяси науқанда Президенттікке үміткер ретінде Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдаған қоғам өкілдері осындай пікірде. Елдің мұраты – кемел келешек пен қарқынды даму болса, Президент ұсынған реформалар – өркендеудің берік негізі. Сондықтан халық береке-бірлікті ту етіп, ынтымақтың ырысқа бастайтынын тереңінен түсініп отыр.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Халықтың арасындағы сенімі өте жоғары. Оның бағдарламасын қоғамдық және саяси ұйымдар қолдайды деген сөз. Ұлттық коалицияның ең негізгі мәні сол. Ірі-ірі реформалар болып жатыр. Сол реформалардың барлығын бір тұлға аяғына дейін жеткізу қажет.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер Институты директорының орынбасары:
Соңғы бірнеше айда Президентке деген сенімнің артып келе жатқандығын көріп отырмыз. Референдум өтті, конституциялық өзгерістер болды. Оның барлығы, тіпті үш облыстың, аймақтың пайда болуы Қазақстан, жаңа аймақтар үшін үлкен жаңалық болды. Мұның барлығы келе-келе халық тарапынан сенім тудырады. Сенімі бүгінгі күнде, жақында сайтта жарияладық, 80 пайыз жуығында.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуразиялық логистикалық хаб құрылысы басталды
28.05.2026, 20:48
Иранда бұғатталған интернет қайта қосылып жатыр
28.05.2026, 20:46
Мұғалімді артық жүктемеден босататын заң мақұлданды
28.05.2026, 20:44
Жас отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар көбейеді
28.05.2026, 20:42
Соңғы 5 жылда Транскаспий көлік бағытындағы жүк тасымалы 6 есе артқан
28.05.2026, 20:11
Президенттер Еуразиялық экономикалық форумға қатысып жатыр
28.05.2026, 20:07
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің президенттері Астанаға келді
28.05.2026, 20:06
«Сириус-Қазақстан» жобасына шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда
28.05.2026, 20:05