Ел қоржынында екі медаль! Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбиба Абужақынова қола жүлдегер атанды. 48 келі салмақта өнер көрсеткен Әбиба Абужақынованың қарсыласы чилилік Мари Ди Варгас Лей болды. Осылайша, алғашқы белдесуден-ақ сәтті нәтиже көрсеткен Әбиба қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, тартысты жарыста Елдос Сметовте 60 келі салмақта өзбек балуаны Дильшодбек Баратовтан басым түсіп, қола жүлде иеленді. Еске сала кетейік, бүгін Ташкентте Дзюдодан 22- Әлем біріншілігі басталды. 14 -ші қазанға дейін жалғасатын чемпионатта ел намысын 17 спортшымыз қорғайды. Жанкүйерлер жарысты тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасының эфирінен немесе сайт қосымшасы арқылы көре алады. Тікелей тансляциядан бөлек әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша арнайы шығарылым ұсынылмақ.
Сәбит Әлдебай