Қазақстанда балаларды емдейтін онколог-гематолог тапшы
Қазақстанда жыл сайын 600-дей бала қатерлі ісікке шалдығады. Олардың 40 пайызына «ақ қан» диагнозы қойылады. Бұл көрсеткіш Қазақстанда соңғы жеті жылда сақталып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды. Іс-шара Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдығына орай ұйымдастырылды. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде ауыр дертке шалдыққандарды емдеу тиімділігі 70 пайызға дейін жеткен. Мамандардың айтуынша, елімізде балаларды емдейтін онколог-гематолог тапшы. Жиында осы мәселені шешу жолдары да талқыланды.
Абай Құсайынов, Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының басқарма төрағасы:
Ауыр науқастардың жағдайын жақсартуға арналған бағытта, солардың емдеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатта осы жерде басымыз қосылып отыр. Педиатрия факультетіндегі балалардың алғашқылары биыл алтыншы курста оқып жүр. Сол балалар алтыншы курсты бітіргеннен кейін толығымен педиатрия мамандығына барады.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06